Аймақтар
1 мин оқу 266
«Қаржы пирамидасын құрды» деген күдікті қамауға алынды
<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысы аумағында Qnet қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық жасады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тергеуде анықталғанындай ол 2020-2021 жылдар аралығында қаржы пирамидасын құрып, оның қызметіне 38 адамды қатыстырған. Келтірілген залал көлемі 46 млн теңге.
Сот санкциясына сәйкес күдікті күзетпен ұстау түріндегі шарамен 2 ай мерзімге қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Бөлісу: