Оқиға
1 мин оқу 420
Астанада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап кетті
<p style="text-align: justify;">Елордада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап, оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қайғылы оқиға 30 маусымда Нәжімеденов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шауленова аталған ақпаратты растап, іс бойынша сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.
Астана қаласының полиция департаменті ересектерге балаларының қауіпсіздігіне мұқият болуды ескертеді.
Бөлісу: