Бокс
1 мин оқу 1,100

Бокстан «Elorda Cup»: Сәкен Бибосынов чемпион атанды

<p style="text-align: justify;">Бокстан &laquo;Elorda Cup&raquo; халықаралық турнирінде Сәкен Бибосынов 51 келі салмақта чемпион атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сәкен Бибосынов финалда тағы бір отандасымыз Кенже Мұратұлымен жұдырықтасты. Нәтижесінде Бибосынов төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Есеп - 5:0.

Сәкен Бибосынов - 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Ал 2021 жылы әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, бүгін халықаралық турнирде финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.

Байрақты бәсекеде 10 елден 200-ден астам спортшы медальдар үшін таласып жатыр. Олардың арасында Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және өзге де мемлекеттердің былғары қолғап шеберлері бар.

Бөлісу:
Бокстан «Elorda Cup»: Сәкен Бибосынов чемпион атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар