Елорда
1 мин оқу 510

Астанада «Толағай» алыптар сайысы өтеді

<p style="text-align: justify;">Елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен Астананың 25 жылдығына орай қалалық &laquo;Толағай&raquo; алыптар сайысы ашық турнирі өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Ұлы Даланың батырларын насихаттау, қазақтың этно-ойындарын дәріптеу мақсатында өтетін турнирге білегі тоқпақтай, жауырыны қақпақтай 18 жастан асқан кез келген қала тұрғыны мен қонағы қатыса алады.

Турнир орталық саябақтың автотұрағында өтеді. 

Іс-шараның ашылу салтанаты 6 шілде күні сағат 16:00-де өтеді.

Бөлісу:
Астанада «Толағай» алыптар сайысы өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар