Ауыр атлетика
1 мин оқу 220

Алматылық «толағайлар» үздік шықты

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласында ұйымдастырылған ауыр атлетикадан VI жазғы спартакиа&shy;дасы өз мәресіне жетті. &laquo;Толағайлар&raquo; бәсекесінде Алматы қаласының спортшылары үздік шықты.</p>

Алматылық «толағайлар» үздік шықты

Спартакиада қорытындысы бойынша, ерлер арасында жалпыкомандалық есепте 4 алтын, 2 күміс медаль олжалаған Алматы қаласының спортшылары жеңіске жетсе, екінші орынды Қарағанды облысының (2 алтын, 1 күміс) командасы алды. Үшінші орын Жетісу облысының (1 алтын, 3 күміс, 1 қола) ауыр атлеттеріне бұйырды. Ал әйелдер арасында Қарағанды облысы (3 алтын) жеңімпаз атанса, Жетісу облысы (2 алтын, 2 күміс, 4 қола) күміс, Ақмола облысы (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) қола жүлдені иеленді.

Әр төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық зілтемірші қатысты.

Бөлісу:
Алматылық «толағайлар» үздік шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар