Мереке
2 мин оқу 1,260

Домбыра – рухани айбынымыз

<p style="text-align: justify;">Елордада &laquo;Amanat&raquo; партиясы жанындағы &laquo;Жастар рухы&raquo; жастар қанаты шілденің бірінші жексенбісі &ndash; Ұлттық домбыра күніне орай &laquo;Dombyra Party&raquo; іс-шарасын ұйымдастырып, &laquo;Алтын домбыра&raquo; орталығының 200 шәкірті қазақ күйлерін орындады.</p>

Домбыра –  рухани айбынымыз

«Amanat» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек домбыра ұлттық мәде­ние­тіміздің, руханиятымыз бен өне­ріміз­дің алтын қазынасы екенін атап өтті.

«Қазақ бар жерде қасиетті домбыра, домбыра бар жерде ұлы қазақ халқы бар. Он тоғыз пер­не, қу шанақта халқымыздың жаны, мұңы, зары, қуа­нышы мен жұ­банышы, тарихы мен танымы сыйып тұр. Оның екі ішегінде екі әлемнің әуені, екі дүниені тер­бейтін қуат бар. Рухымызды биік­тететін, айбынымызды ас­қақ­тататын ұлттық аспабымыз – қас­терлі қазынамыз», деді Д.Кәрібек.

Сөз соңында партия хатшысы «Алтын домбыра» орталығының шәкірттеріне қолдау көрсетіп, алғысхат пен қаржылай сертификат табыс етті.

«Жастар рухы» жастар қа­на­тының төрағасы Нұржан Жетпісбаев ұлттық домбыраны ұлықтау іс-шаралары елордамен шектелмей, оған ел аумағында бас-аяғы 4 000-ға жуық адам үн қо­сып жат­­қанын жеткізді.

«Біз бабадан мирас болып қалған қастерлі домбыраның мәні мен маңызын, тарихын жас ұрпақтың бойына сіңіруді көздеп отырмыз. Домбыра – ұлтымыздың жүрек үні, көңіл сыры. Халықтың рухын көтеріп, ортақ Отанымызға деген махаббатын жаңғыртсақ дейміз. Ел мен жерге деген, мәдениет пен дәстүрге деген сүйіспеншілік осындай іс-шараларда қалыпта­сады», деді ол.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қара домбыра хал­қымыздың болмысымен егіз, мінезімен үндес аспап екенін алға тартты.

«Биыл елордада 17 мың балақай бірінші сыныптың табалдырығын аттайды. Оның 9 мыңнан астамы қазақ сы­ныптарында білім алуға ниетті. Олар­­дың 6 мыңнан астамы қосымша са­бақ ретінде домбыра пәнін таңдады. Жас ұр­­пақтың ұлттық аспапқа деген қызығу­шы­лығының бір көрінісі осы», деді Е.Бай­кен.

Іс-шара барысында «Алтын домбыра» орталығының шә­кірт­тері, бір­неше күйді орындап, көзіқарақты кө­рер­меннің риза­шылығына бөленді. Сон­дай-ақ көрермендер арасында виктори­на­лар ойнатылып, қызықты сұрақтар қо­йылды.

Бөлісу: