Аймақтар
1 мин оқу 230

Жетісу облысында ірі көлемдегі заңсыз темекі өнімдері тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Жетісу облысында&nbsp;жалпы құны 7 млн ​​теңгеден асатын бақылау белгілері жоқ темекі өнімдері тәркіленді. Ұсталған&nbsp;азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Жүк көлігін тексеру барысында жалпы құны 7 млн ​​теңгеден асатын 10 мыңнан астам қорапты құрайтын тіркеу және бақылау белгілері жоқ темекі өнімдері табылып, тәркіленді. 

Қазіргі уақытта темекінің шығу тегі анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге мәліметтер жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу: