Елорда
1 мин оқу 291

Астанада екі көше жөндеуге жабылды

<div class="description" style="text-align: justify;">Астанада орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Айнакөл және Мәскеу көшелерінің кей учаскелерінде көлік қозғалысы толығымен жабылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></div>

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты:

3-5 шілде аралығында Мәскеу көшесінің Бекетай көшесінен Потанин көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылады;

3-4 шілде аралығында Айнакөл көшесі бойынша М. Төлебаев көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі жол жабылды.

Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.
Бөлісу:
Астанада екі көше жөндеуге жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар