Жетісу облысында балабақша бухгалтері 38 млн теңгені жымқырды
<p style="text-align: justify;">Жетісу облысының Ақсу ауданында балабақша бухгалтері өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеп келген. Осылайша ол 40 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Бас прокуратураға сілтеме жасап.</p>
Жымқыру фактісі штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру кезінде анықталды. Онда тиісті жалақы мен нақты төленген қаражат арасындағы айырмашылықтар байқалған.
Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Істі Жетісу облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тексеріп жатыр. Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.