Ауа райы
1 мин оқу 440

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

<p class="annotation" style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел болады деп болжанып отыр.

«6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз күн райы қалыптасатыны болжанады.

Сондай-ақ батыста күндізгі ауа температурасы біртіндеп +33+39°С дейін жоғарылайды, ал республиканың қалған бөлігінде температура: солтүстік-батыста және орталықта +25+35°С дейін, солтүстікте +25+30°С дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін, оңтүстікте +25+38°С дейін аздап төмендейді», делінген синоптиктер ұсынған мәліметте.

Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар