Күдебаевтың ісі: Қырғызстанның бес азаматына айыппұл салынды
<p style="text-align: justify;">Қырғызстанда Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың елден қашу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс төңірегінде бес айыпталушыға үкім шығарылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> 24.kg сайтына сілтеме жасап. </p>

Белгілі болғандай, іс бойынша төрт айыпталушы - қарапайым тұрғындар, тағы біреуі - Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы қызметкері. Іспен Қырғызстанның әскери прокуратурасы айналысты.
Тергеу аяқталған соң материалдар сотқа берілді. Алдын ала мәлімет бойынша, барлық айыпталушыларға 350 000 сом (1,8 млн теңге) айыппұл салынды.
Айта кетейік, 27 сәуірде Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын хабарлады.
2023 жылдың 3 сәуірінде Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы сот отырысына бармаған, нәтижесінде оған халықаралық іздеу жарияланған еді.
ҰҚК шекара қызметі Серік Күдебаевтың ресми түрде шекарадан өтпегенін мәлімдеді. Сәуірдің 12-сі күні Бас прокуратура Алматы облысы ПД экс-басшысына қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.