Спорт
1 мин оқу 510

Еуропада үздік шықты

<p style="text-align: justify;">Мажарстанның Помаз қаласында ұйым&shy;дастырылған ат үстінде садақ ату спортынан (жамбы ату) Әлем кубогі жарысы аяқталды. Құралайды көзге атқан мергендер додасына Еуро&shy;паның жиырмаға жуық елінен және Қазақстаннан барған жүзге жуық спортшы қатысты.</p>

Еуропада үздік шықты

Жамбы ату бойынша еліміздің ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарып, бас жүлдені жеңіп алды. Аталған халықаралық додада ел намысын Ералхан Айкөз, Бақдәулет Бабажан, Батыр Бекса­уыт, Мадияр Шәріпбаев сынды мергендер қорғады.

Сондай-ақ ат үстінде садақ ату өнері жоғары дәрежеде дамыған Германия, Фран­ция, Финляндия, Италия, Португалия, Ма­жарстан сияқты елдердің мергендерін таң­ғалдырған жерлестеріміз «Корей» стилі бойынша (ат үстінде садақ атуда ең қиын стиль түрі) өткен сайыста да үздік шықты. Атап айтар болсақ, Ералхан Айкөз – алтын, Батыр Бексауыт күміс медаль алды. Ал «аңшылық трек» нысанасы бойынша Мадияр Шәріпбаев күміс жүлдені еншіледі.

Бөлісу: