Табиғат
1 мин оқу 470

Тораңғылы беткей

<p style="text-align: justify;">Зайсан көлінің солтүс&shy;тігін&shy;де өте сирек кез&shy;десетін тораңғы ағашы бүр жарып тұр. Белгілі орнитолог, табиғат жанашыры Борис Щер&shy;баковтың айтуынша, тораңғы талы аязға қа&shy;лай төзімді болса, ыс&shy;тық&shy;қа да солай шыдас береді.</p>

Тораңғылы беткей

Тораңғының өзге өсімдік­­терден ерекшелігі, бір бұ­та­ғының өзіндегі жапы­рақтары екі түрлі. Ағаш діңі қою қо­ңыр. Әсіресе шөлейтті аумақ­тарда өседі. Шы­ғыс Қазақ­стан бойынша Күр­шім өңірінде ғана бар. Оның өзінде санау­лы.

«Бұрынғы заманда бұл ағаш­та қасиет бар десетін. Ке­суге де тыйым салған. Біз­­дің жақ­тың тораңғысы осы тұста ғана өседі», дейді Б.Щер­баков Зайсан көлінің жа­ғалауындағы әр-әр жерден шыққан талдарды нұсқап.

Жалпы, Қазақстан аума­ғында тораңғының 3 түрі өседі: қара тораңғы, ақ тораң­ғы және Литвинов тораң­ғысы. Әсі­ресе Арал, Бал­қаш, Ала­көл маңындағы құм­дауыт ойыс­тарға біткен. Түр­лері қысқа бұтақтардағы жапы­рақтарының пішініне қарай ажыратылады екен. Гүлдеу мерзімінде тікі­рейе шығып, кейін төменге иі­леді. Иә, бұл ағаш та жеміс бере­ді. Қауашақтары бөтелке тәріз­ді. Тұқымы желмен тез тарал­ғанымен, баяу өседі. Кейбір кәрі тораңғылардың биіктігі – 30 метрге дейін барса, діңінің диаметрі – екі метрдей.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ала жаздай бұл жерге алыс-жақын шетелдерден қонақтар келіп, шатыр тігетін көрінеді. Қона жатып, күн­нің шыққанын күтеді, фо­тосу­реттер түсіреді. Бейне бір Тан­занияның саваннасындай жер. Әнекей, ерекше жерімізге ел қызығады. Ал­дағы күндері Зайсанның жа­ғалауындағы тораңғылы бет­­кейді туристік аумаққа айнал­дыруға әбден болады.

Шығыс Қазақстан облысы,

Күршім ауданы

Бөлісу:
Тораңғылы беткей · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар