Аймақтар
1 мин оқу 300

Жамбыл облысындағы құрғақ шөп өрті оқшауланды

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысының таулы жерінде орын алған құрғақ шөп өрті оқшауланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Бүгін сағат 8.38-де Жамбыл облысының Т. Рысқұлов атындағы ауданында таулы жерде орын алған құрғақ шөп өрті оқшауланды. Өрт таудың басында болып жатыр, ауданы анықталу үстінде», делінген ведомство хабарламасында. 

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 45 адам мен 6 бірлік арнайы техника, ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 30 адам және 5 бірлік техника, орман шаруашылығынан 30 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Жамбыл облысындағы құрғақ шөп өрті оқшауланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар