Білім
2 мин оқу 350

Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға бөлінген гранттар саны бекітілді

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік қызметшілерді даярлау мақсатында жыл сайын&nbsp;магистратура бағдарламаларына 120&nbsp;грант, докторантура бағдарламаларына 12&nbsp;грант&nbsp;бөлінеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&nbsp;ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік&nbsp;&nbsp;басқару академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға бөлінген гранттар саны бекітілді

Еліміздегі мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға құжат қабылдау кезеңі аяқталды.

2023-2024 жылдарға құжат қабылдау 3 сәуірден бастап 29 маусымға дейін admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілді. Жүйеге барлығы 1410 адам тіркелді, 890 адам конкурсқа жіберілді, олардың ішінде 855-і мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін конкурсқа түседі.  

Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында магистратура бағдармалары бойынша конкурсқа жіберілгендер саны:

«Мемлекеттік саясат» – 295;

«Өңірлік даму» – 221;

«Адами ресурстарды басқару» – 134;

«Экономика» – 104;

«Мемлекеттік басқару» – 63;

«Халықаралық қатынастар» – 11.

Докторантура бағдарламалары бойынша конкурсқа жіберілгендер саны: 

«Экономика» – 3;

«Халықаралық қатынастар» – 5;

«Мемлекеттік басқару» –  19 үміткер.

Академияда оқуға құжат тапсырғандардың басым бөлігі – жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарда қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер.

Жергілікті атқарушы органдар – 452;

Орталық мемлекеттік органдар – 213;

ОМО аумақтық бөлімшелері – 175;

Жергілікті өкілді органдар – 15. 

Қабылдау комиссиясының шешімімен гранттар келесідей бөлінді:

Магистратура бағдарламалары бойынша:

«Мемлекеттік саясат» – 35;

«Өңірлік даму» – 26;

«Адами ресурстарды басқару» – 16;

«Экономика» – 15;

«Мемлекеттік басқару» – 21;

«Халықаралық қатынастар» – 7.

Докторантура бағдарламалары бойынша:

«Экономика» – 1;

«Халықаралық қатынастар» – 2;

«Мемлекеттік басқару» – 9.

Конкурстық іріктеу докторантураға үш кезеңнен, ал магистратураға екі кезеңнен тұрады:

  • «Зерттеу жұмысы жоспарының жобасы» 5-14 шілде (тек докторантураға құжатты тапсырғандар үшін);
  • «Аналитикалық эссе» жазу кезеңі 5-14 шілде;
  • «Сұхбаттасу» 17-31 шілде аралығында жүргізіледі.

Оқуға алдын ала қабылданған үміткерлер тізімі 7 тамызда жарияланады. Үміткер, оқуға жіберген мемлекеттік орган және Академия арасындағы үш жақты келісімшартқа қол қойылғаннан кейін 18 тамызда оқуға қабылданғандардың қорытынды тізімі бұйрықпен бекітіледі.

Бөлісу: