Чемпионатты жеңіспен бастады
<p style="text-align: justify;">Бұл күндері елордада пара волейбол­дан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың бірінші күнінде еліміздің әйелдер және ерлер құрама­лары сары құрлық бәсекесіндегі алғаш­қы ойындарын өткізіп, чемпионат­ты жеңіспен бастады.</p>

Атап айтар болсақ, ерлер командасы тұсаукесер кездесуінде Күншығыс елінің өкілдерімен шеберлік байқасып, Жапония волейболшыларын 3:0 есебімен тізе бүктірсе, әйелдер құрамасы да 3:0 есебімен Үндістан спортшыларынан басым түсті. Кеше еліміздің әйелдер құрамасы Иран спортшыларымен кездессе, ерлер командасы бүгін Иракпен ойын өткізеді.
Пара волейболдан Азия чемпионаты шілденің 8-іне дейін жалғасады. Биылғы байрақты бәсекеге 9 мемлекеттен (Иран, Ирак, Үндістан, Жапония, Корея, Қытай, Моңғолия, Тайланд, Қазақстан) 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Жарыс жеңімпаздарына 2024 жылғы Париж паралимпиадасының жолдамасы беріледі.