Аймақтар
1 мин оқу 285

Абай облысындағы өрт сөндірілді

<p style="text-align: justify;">Абай облысы Көкпекті ауданындағы қамыс өрті ауыздықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Көкпекті ауданындағы қамыс өрті бүгін сағат 7:15-те сөндірілді. Өртті сөндіруге Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндірушілері қатысты.

Еске сала кетейік, 3 шілде күні Көкпекті ауданы Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыс өрті тіркелген еді. Тілсіз жау 4 шілде сағат 19:00-де оқшауланды. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Өртенген учаскенің ауданы шамамен 910 га құрады.

Бөлісу:
Абай облысындағы өрт сөндірілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар