Ауа райы
1 мин оқу 565

Қазақстанда 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; синоптиктері 6-8 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алдағы мереке күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел күтіледі. 6-7 шілдеде орталықта, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. 6-8 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Батыста, оңтүстікте күндізгі температура біртіндеп жоғарылайды. Ауа температурасы +33+42°С дейін жетеді. Ал еліміздің қалған бөлігінде ауа температурасы солтүстік-батыста және орталықта +22+ 35°С дейін, солтүстікте +23+30°С дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін болады», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қазақстанда 42 градусқа дейін аптап ыстық болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар