Қоғам
1 мин оқу 1,490

6 шілдеден бастап елдегі ХҚКО-лар жұмысын тоқтатады

<p style="text-align: justify;">6 - 9 шілде аралығында ел бойынша барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

6 шілдеден бастап елдегі ХҚКО-лар жұмысын тоқтатады

«7 және 8 шілдеде Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ақпараттық жүйелерінде көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері бойынша жүргізілетін техникалық жұмыстарға байланысты Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларының жұмысы тоқтайды. Бірақ кезекші ХҚКО-лар осы күндері қызмет алушыларды қабылдайтын болады», делінген «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы жариялаған хабарламада.

Сонымен қатар 6 және 9 шілде күндері ел бойынша барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.

Ал 10 шілдеден бастап мамандандырылған ХҚКО-лар штаттық режимде, яғни 9:00-ден 18:00-ге дейін және кезекші ХҚКО-лар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бөлісу: