Экономика
1 мин оқу 430

Доллар арзандады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,76 теңгеге төмендеп, 443,784 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Доллар арзандады

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 61,32 теңгені (-0,46) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 486,91 теңге, рубльді 4,99 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 445-448,5 теңге, еуро 483,5-488 теңге, ресей рублі 4,95-5,19 теңге аралығында сатылып жатыр.

Бұл ретте мұнайдың әлемдік бағасы аукционда әртүрлі бағытта өзгерді.

Осылайша ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы қыркүйектегі фьючерстерінің құны 1,17%-ға арзандап, барреліне 75,36 долларды құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері барреліне 0,90%-ға өсіп, 70,42 долларды құрады.

Бөлісу:
Доллар арзандады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар