Астана - Отанымыздың жүрегі: Елордаға 25 жыл
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Бүгін Қазақстанда мемлекеттік мереке - Астана күні атап өтіледі. Биыл еліміздің бас қаласы өзінің 25 жылдық мерейтойын тойлайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Айтулы дата кездейсоқ таңдалмаған, дәл осы күні 1994 жылы Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімді мақұлдады. 1998 жылдың 6 мамырында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмоланы Астана деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды.
Айта кетсек, Елорда күні 10 маусымда жергілікті деңгейде атап өтілді. Тек 2006 жылы Астана күні 6 шілдеге ауыстырылды.
2008 жылы мереке мемлекеттік мәртебеге ие болды, содан бері 6 шілде бүкіл ел үшін демалыс күні болып саналады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазір Астана қарқынды дамып келеді және оның халықаралық беделі де арта түсті. Қазақстан астанасы әлемнің нағыз диалог алаңына айналды.
«Астана - Отанымыздың жүрегі. Дәл осы жерде ең маңызды шешімдер қабылданады. Алдағы уақытта да солай болатынына сенімдімін. Елордамыздың болашағы жарқын», деді Президент.
Айта кетсек, биыл қазақстандықтар Елорда күніне орай төрт күн – 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады.