Елорда
1 мин оқу 440

Президент: Астана – еліміздің жүрегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әлемге бірлік пен берекенің бесігі ретінде танылғанын атап өтті. Бұл туралы Президент Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана – діннің басын қосқан, дінбасылардың дәстүрін тоғыстырған шаһар. Бұдан бөлек, елорда төрінде талай мәрте дүбірлі додалар мен халықаралық сайыстар өтті. Бір сөзбен айтқанда, Астананы бірлік пен берекенің бесігі деуге толық негіз бар», деді ел Президенті.

Осы тұста Мемлекет басшысы елордада ең маңызды шешімдер қабылданып жатқанын еске салды.

«Қазір Астанада Алматы, Ақмешіт, Орынбор, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Сарайшық көшелері бар. Бұл – елдік пен мемлекеттілік тарихының нақты көрінісі. Астана – еліміздің жүрегі. Бұл қалада ең маңызды шешімдер қабылданып жатыр. Келешекте де лайым солай болмақ», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Ми

Бөлісу:
Президент: Астана – еліміздің жүрегі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар