Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның параволейболдан ерлер құрама командасы Азия чемпионатында Ирак спортшыларын 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Біз параволейболдан Азия чемпионатына тыңғылықты дайындықпен келдік. Жарыстың алғашқы күнінде жапондық спортшыларды 3:0 есебімен жеңдік. Ирак құрамасымен кездесіп, алға шықтық. Енді Қытай спортшыларымен ойнаймыз. Қарсыластарымыз осал емес, ойын тартысты өткелі тұр. Біздің басты мақсатымыз – Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алу», деді ұлттық құрама ойыншысы Эрик Каскабаев.
Айта кетсек, чемпионаттың жартылай финалы бүгін сағат 15.00-де Ж.Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өтеді.
Айта кетсек, волейболды отырып ойнаудан (параволейбол) Азия чемпионаты 3-8 шілде аралығында алғаш рет Астанада өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге Азияның 8 мемлекетінен 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Чемпионат квалификациялық турнир болып саналады. Жарыстың жеңімпаздары Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама алады.