Ауа райы
1 мин оқу 280
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады
<p style="text-align: justify;">Бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 7 шілде еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Тек Ақтөбе және Астана қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу: