Аймақтар
1 мин оқу 370

Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Кеше Шалқар ауданындағы Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болды. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Белгілі болғандай, Hyundai Sonata көлігінің 34 жастағы жүргізушісі Iveco Magirus жүк көлігімен соқтығысқан. Жүк көлігі қарсы бағытта келе жатқан.
 
«Оқиға салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның 20 және 23 жастағы үш жолаушысы алған жарақаттарынан қайтыс болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.
Бөлісу:
Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар