Спорт
1 мин оқу 525

Қазақстан құрамасы Париждегі Паралимпиада ойындарына жолдама алды

<p style="text-align: justify;">Кеше отырып ойнайтын волейболдан Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Қытай командасын 3:2 есебімен жеңіп, келесі жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Telegram каналында жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Құрлық біріншілігінің финалдық ойыны 8 шілде күні сағат 16.30-да өтеді. Қазақстан құрамасы Ираннан келген волейболшыларға қарсы алтын медаль мен Азия чемпионы атағы үшін өнер көрсетеді. Кездесу Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

- Естеріңізге сала кетейін, соңғы рет параволейболдан Қазақстан құрамасы 1996 жылы Паралимпиада ойындарында өнер көрсеткен болатын. Парижде өтетін ойындарға жолдаманы Азия құрлығының 7 үздік ерлер командасы сарапқа салды, - деп жазды министр Telegram каналында.

Бөлісу:
Қазақстан құрамасы Париждегі Паралимпиада ойындарына жолдама алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар