Экология
1 мин оқу 230

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа ластанады

<p style="text-align: justify;">8 шілде күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа ластанады

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, 8 шілде, сенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе, Атырау және Астана қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа ластанады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар