Ауа райы
1 мин оқу 290
Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК 9 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде тұрақсыз ауа райының сипаты сақталады.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр жауады, республикамыздың оңтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, қатты жел тұрып, нөсер болады», деп хабарлады синоптиктер.
Республика бойынша жел екпін алады деп күтіледі. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Бөлісу: