Оқиға
1 мин оқу 600

Алматыда базар өртеніп жатыр

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласындағы &laquo;Кенжехан&raquo; базарында қоймалар өртенді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өрт туралы қоңырау бүгін сағат 12 шамасында түскен.

«Алматы қаласы ТЖД бөлімшелері келгеннен кейін «Кенжехан-2» киім базарының аумағында контейнерлік үлгідегі қоймада өрт болғандығы анықталды», деп хабарлады ТЖМ.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетімен сағат 12.52-де  өрт оқшауланды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Алматыда базар өртеніп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар