Спорт
1 мин оқу 283

Паралимпиада жолдамасын иеленді

<p style="text-align: justify;">Елорданың 25 жылдығына орай ұйым&shy;дастырылған параволейболдан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы күміс жүлде олжалап, келер жылы Парижде алауы тұтанатын жаз&shy;ғы Паралимпия ойындарының жолдамасын жеңіп алды.</p>

Паралимпиада жолдамасын иеленді

Бас қалада жалауы желбіреген Сары құрлық додасында жерлестерімізден бөлек, Азияның ең мықты құрамалары саналған Жапония, Таиланд, Иран, Ирак, Оңтүстік Корея, Моңғолия және Үндістан секілді се­гіз елдің параволейболшылары Азия чем­­пионатының бас жүлдесі мен Пара­лим­пиа­да жолдамасын сарапқа салды. Отан­дас­та­рымыз құрлық біріншілігінің жарты­лай финалында Қытай командасын 3:2 есебі­­мен жеңіп, чемпионаттың финалына шы­ғып қана қоймай, 2024 жылы Парижде өте­тін Паралимпиада ойындарының лицензия­сына қол жеткізген-ді.

Алайда финалдық бәсекеде Азияның азулы құрамасы, чемпионат барысында бірде-бір ойында жеңілмеген Иран командасымен шеберлік байқасып, аса тартысты өткен кездесуде қонақтардан 3:0 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Қазақстанның параволейбол командасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бөлісу:
Паралимпиада жолдамасын иеленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар