Футбол
1 мин оқу 241

Финалға өткені белгілі

<p style="text-align: justify;">Өткен аптада футболдан Қазақстан кубогі жолындағы бәсекенің жартылай финал матчтары өтіп, финалға шыққан командалар белгілі болды.</p>

Финалға өткені белгілі

Жартылай финалдың алғашқы жауап матчында Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңында елорданың «Астанасын» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Алаң қожайындары сапынан Шахбоз Умаров пен Темірлан Ерланов мергендігімен көзге түсті. Астанада өткен бірінші ойында елордалықтар 1:0 есебімен басым түскен болатын.

Екінші жартылай финалда «Тобыл» мен «Атырау» командалары кездесіп, қос­танайлықтар екі ойында да мұнайлы өлке­нің клубын 1:0 есебімен жеңіп, Қазақ­стан кубогінің финалына шықты. Кездесу тағ­дырын шешкен жалғыз голды «Тобыл» сапынан Иван Рогач соқты.

«Ордабасы» мен «Тобыл» арасындағы фи­нал­дық матч төртінші қарашаға жос­парланған.

Бөлісу:
Финалға өткені белгілі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар