Көрме
1 мин оқу 320

Өңірдегі өнім өндірушілер байқауы

<p style="text-align: justify;">Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен облыста алғаш рет &laquo;Қазақстанның үздік тауары&raquo;, &laquo;Бір ауыл&ndash;бір өнім&raquo; байқауының өңірлік көрме-байқауы өтті.</p>

Өңірдегі өнім өндірушілер байқауы

Көрме-байқауға 60-тан аса  жергілікті өнім өндіруші әртүрлі өнім түрлерін ұсынды. Олардың арасында өз істерін енді ғана бастаған жас кәсіпкерлер де болды. Әрине, байқау болғасын оның қорытындысы шығуы заң­дылық. «Халыққа ­ар­­нал­ған үздік тауарлар»  аталымы бойынша «Ал­тын Ана» ЖК, «Ю­та­рия» өндірістік инно­вациялық компания­сы ЖШС және «Қосай KZ» ЖШС үздік деп танылса, «Өндірістік мақ­саттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша «Гелисханова Л.М.» ЖК, «Стивал Ман» ЖШС және «АРША» ЖШС, ал «Үз­дік азық-түлік тауар­ла­ры» аталымында – «Үл­кен Отбасы» ЖШС, «Са­мади 2030» ЖШС және ««Ұлытау-Нан» ЖШС жеңім­паз болды. Енді аймақтық  байқаудың жеңім­пазда­ры Астанада өте­тін «Қазақ­станның Үздік тауа­ры» республикалық бай­қауына қатысады.

Ұлытау облысы

Бөлісу:
Өңірдегі өнім өндірушілер байқауы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар