Тағайындау
1 мин оқу 1,041

Атырау қаласының әкімі тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Атырау қаласының әкімі лауазымына Шәкір Кейкінұлы Кейкін тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Шәкір Кейкін 1970 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженері» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Құлсары қаласында «Теңізмұнайкомплект» ЖШС-інде коммерциялық бөлімнің брокері қызметінен бастап, 1999 жылға дейін әр түрлі қызмет атқарды.

06.1999 - 01.2001 жылдар аралығында «РАМАКО» ЖШС-інде директордың коммерция жөніндегі орынбасары;

01.2001 - 02.2008 жылдар аралығында «Казстройсервис ЛТД» ЖШС-да директор;

02.2008 - 10.2008 жылдар аралығында Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі;

10.2008 - 07.2009 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары;

07.2009 - 10.2018 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласының әкімі;

10.2018 - 02.2019 жылдар аралығында Атырау қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобильдары жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы;

02.2019 - 09.2019 жылы Атырау қаласы әкімінің орынбасары;

09.2019 - 03.2022 жылдар аралығында Мақат ауданының әкімі;

03.2023 жылдан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда департаментінің басшысы қызметінде болды.

Кейін облыс әкімі Шәкір Кейкіннің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы саласында және мемлекеттік басқару қызметінде үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сонымен қатар Атырау қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу: