Ауа райы
1 мин оқу 350

11 шілдеге арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Қазақстан синоптиктері 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазгидромет» мамандары ұсынған мәліметке сәйкес, елдің басым бөлігінде антициклонның екпінімен күн райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, жел күшейеді, елдің батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +35+37°С. 

Алматыда күн ашық. Желдің екпіні 0-5 м/с болады. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +30+32°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +37+39°С.

Бөлісу:
11 шілдеге арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар