Қоғам
2 мин оқу 582
Қазақстанда алкоголь қымбаттайды
<p style="text-align: justify;">Қаржы министрі 2023 жылғы 4 шілдедегі «Арақтар мен арнайы арақтардың, шығу тегі қорғалатын белгісі бар арақтардың, күшті алкогольдік ішімдіктердің, коньяк пен брендтің ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Бұйрық бойынша 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңге ең төменгі бөлшек сауда бағалары:
- арақтар мен арнайы арақтар, шығу тегі қорғалатын белгісі бар арақтар, күшті алкогольді ішімдіктер - литрі 1980 теңге мөлшерінде;
- коньяк пен бренди - литріне 2930 теңгеден.
Бұл баға қазіргі бағадан ерекшеленбейтінін ескеру қажет. Алайда 2023 жылдың 1 қазанынан бастап ең төменгі бөлшек бағалар төмендегідей болады:
- арақтар мен арнайы арақтар, шығу тегі қорғалатын белгісі бар арақтар, күшті алкогольді ішімдіктер - литрі 2100 теңге мөлшерінде;
- коньяк пен бренди - литріне 3110 теңгеден.
Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді.
Бөлісу: