Астананың мәртебесі туралы заңға өзгеріс енгізіледі
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Мемлекет басшысы Елорданы дамыту мәселелері жөнінде өткізген кеңес барысында айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Елорданы дамытуға қатысты барлық мәселені жан-жақты ойластырып шешу маңызды. Ол үшін «Астананың мәртебесі туралы» заңға шұғыл түрде тиісті өзгерістер енгізу қажет. Заң арқылы әкімдіктің құзыреті мен жауапкершілігін күшейту керек», деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президенттің айтуынша, Астана тұрақты даму үшін оны тиімді әрі сапалы басқару қажет.
«Астананы өркендету үшін, ең алдымен, әкімдік, кәсіпкерлер және тұрғындар арасында сенімді серіктестік орнату қажет. Басты міндет – әрбір азаматтың тұрмыс сапасын жақсарту. Осыны дұрыс түсінген жөн», деді ел Президенті.