Теннис
1 мин оқу 252
Юлия Путинцева Швециядағы жарысты жеңіспен бастады
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның екінші, әлемнің 56-ракеткасы Юлия Путинцева Швецияның Бастад қаласында челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 524-орында тұрған швециялық Лиза Заармен өткізді.
Ю.Путинцева бұл матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 125-ракеткасы, америкалық Кэти Волынецпен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакина мен Анна Данилина Уимблдон ширек финалына жолдама алған еді.
Бөлісу: