Аймақтар
1 мин оқу 322

Ауылдың күрес залы

<p style="text-align: justify;">Кербұлақ ауданының Басши елді мекенінде ауыл жастарына арналған күрес залы ашылып, жергілікті жұртшылықты қуанышқа бөледі. Жаңа нысанның құрылысын жүргізген мердігер компания нысанды дәл мерзімінде аяқтап, елдің игілігіне ұсынды.</p>

Ауылдың күрес залы

Күрес залының ашылу салтанатына қатысқан Кербұлақ ауданының әкімі Қанат Есболатов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Рысқұл, грек-рим күресінен Азия чемпионы Марғұлан Әсембеков ауыл тұрғындарын құттықтап, жүрекжарды тілектерін арнады.

– Қолданысқа беріліп отырған күрес залының құрылысына жер­гілікті бюджеттен 135 млн 400 мың теңге бөлініп, «Бауыр құрылыс ком­паниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ел игілігіне ұсын­ды. Келешекте осы спорт залынан қазақтың атын шығаратын айбынды ұлдар мен өр рухты қыздар көптеп шықсын, – деді Қанат Есболатов.

Күрес залының тұсауын Ұлан Рысқұл мен Басши ауылдық округіндегі ақсақалдар алқасының төрағасы Жақыпбек Самылтырұлы кесіп, жас палуандардың шынығуына ұсынды.

Күрес залындағы еркін күрес үйірмесінің жаттық­тыру­шы­сы Азамат Қойбағаровтың айтуынша, Басши ауы­лын­да күреске құмар ұл-қыздар баршылық. 30-35 бала еркін күреспен тұрақты айналысып келеді. Олардың басым бөлігі аудандық, облыстық, республикалық біріншіліктерден жүлделі орын алып жүр.

Жетісу облысы

Бөлісу:
Ауылдың күрес залы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар