Спорт
1 мин оқу 220

Кавендиш қатардан шығып қалды

<p style="text-align: justify;">Франция тасжолдарында өтіп жатқан вело&shy;спорттан &laquo;Тур де Франс&raquo; Гранд-туры бел ортасына таяса да, &laquo;Астана&raquo; өкіл&shy;дері үздіктер қатарынан көріне алар емес.</p>

Кавендиш қатардан шығып қалды

Сен-Леонар-де-Нобла мен Пюи-де-Дом қалаларын жалғаған жарыстың тоғызыншы кезеңінде «Астана» командасының өкілі, ел чемпионы Алексей Луценко мәре сызығын жетінші болып кесті. 182,5 шақырымға созылған қашықтықты отандасымыз 4 сағат 20 минут 20 секунд ішінде жүріп өтті. Ал бұл кезеңде канадалық Майкл Вудстың («Israel-Premier Tech») бағы жанды. Оның уақыт көрсеткіші – 4 сағат 19 минут 41 секунд. Екінші орынды франциялық Пьер Латур («Team TotalEnergies»), үшінші орынды словениялық Матей Мохорич («Team Bahrain Victorious») иеленді.

Жалпы есепте «Тур де Франстың» был­тырғы жеңімпазы даниялық Йонас Вингегаард («Jumbo-Visma») көш бастап тұр. Оны словениялық Тадей Погачар («UAE Team Emirates») мен аустралиялық Джей Хиндли («Bora-Hansgrohe») өкшелеп келеді. Өкінішке қарай, «Астана» командасы көшбасшыларының бірі британиялық Марк Кавендиш жарақатына байланысты жарыс жолынан шығып қалды.

Бөлісу:
Кавендиш қатардан шығып қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар