Ұлытау облысында тұңғыш мемлекеттік университет ашылады
<p style="text-align: justify;">Ұлытау облысындағы алғашқы мемлекеттік жоғары оқу орны – Ұлытау техникалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғам болып құрылады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жазылған. Бұған дейінгі жобада университет шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын болатыны жазылған еді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы Ұлттық тестілеу орталығының республикалық мүлкі есебінен қалыптастырылады.
Ұлытау техникалық университеті Жезқазған қаласында ашылады және Ғылым және жоғары білім министрлігіне бағынады.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Ұлытау облысына жасаған сапары барысында Жезқазған қаласында мемлекеттік техникалық университет ашу мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.