Спорт
1 мин оқу 183

Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалында сүрінді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан теннисшісі Уимблдонның ширек финалында Тунис теннисшісі Онс Жаберден ұтылып қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалында сүрінді

Матч 1 сағат 54 минутқа созылды. Есеп - 7:6 (7:5), 4:6, 1:6.

Өткен жылғы Уимблдон чемпионы Рыбакина ойын барысында 7 эйс жасады, 3 қос қателікке жол берді және 9 брейк-пойнттың екеуін ғана сәтті жүзеге асыра алды. Онс Жабер болса, 8 эйс жасап, екі қос қателікке жол берді және 9 брейк-пойнттың бесеуін сәтті орындады. 

Осылайша былтырғы Уимблдон финалында Рыбакинадан ұтылған Жабер реванш жасады.

Финалға шығу үшін енді Жабер беларусь теннисшісі Марина Соболенкомен ойнайды.

Бөлісу:
Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалында сүрінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар