Доллар арзандады
<p style="text-align: justify;">Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 442–446 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442–446 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 443,5 – 445,5 теңге аралығында құбылып тұр.
11 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,28 теңгеге төмендеп, 440,87 теңге болған.
Ұлттық банктің 13 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 440,55 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,87 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,90 – 5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,87 - 4,97 теңгеден сатылуда.