Теннис
1 мин оқу 244

Карлос Алькарас Уимблдонның жартылай финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Испаниялық теннисші Карлос Алькарас Уимблдон турнирінің ширек финалында әлемнің 5-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунені жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2 сағат 23 минутқа созылған ойын 7:6 (7:3), 6:4, 6:4 есебімен аяқталды.

Алькарас 4 рет эйс жасап, екі қос қателік жасады, сондай-ақ үш брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Ал Руне екі эйс пен төрт қос қателік жасады және ешбір брейк-пойнтты өз есебіне жаза алмады.

Енді Карлос Алькарас ресейлік теннисші Даниил Медведевпен ойнайды.

Бөлісу: