Елорда жастарына арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді
<p style="text-align: justify;">14 шілде күні жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындары, Астана ЖОО түлектері мен жергілікті жастар үшін елордалық Арбатта Мәмбетов көшесі бойында бос орындарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 14 шілдеде сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Іс-шараны Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы AMANAT партиясымен бірлесіп ұйымдастырады.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты – жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Оған қатысу жөнінде 40-тан астам елорданың жетекші компаниялары мен ұйымдары өтініш білдірді.