Елорда
1 мин оқу 380

Астананың Сарыарқа ауданында жаңа жағалау ашылды

<p style="text-align: justify;">Сарыарқа ауданында жеке инвестициялар есебінен Шабал Бейсекова көшесіндегі көпірдің жанында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Жалпы абаттандырылған аумақ – 0,96 гектарды құрайды. Жағалауда қала тұрғындары үшін түрлі демалыс алаңдары орналастырылған, оның ішінде:

  • амфитеатр;
  • балалар және спорт алаңдары;
  • велосипед, жүгіру, серуендеу жолы;
  • баскетбол, волейбол, футбол алаңы;
  • өрмелеу алаңы;
  • скейтпарк бар.

ш

Аудан бойынша абаттандыру жұмысы белсенді жүріп жатыр. Құрылыс маусымы басталғалы Көктөбе көшесінде (Көктал-1 елді мекені) және Фахд бен Абдул Азиз көшесінде (Агроқалашық елді мекені) қоғамдық кеңістіктер жайластырылды.

Сонымен қатар «Шапағат» СҮ және Желтоқсан-Бұқарбай батыр-Бейбітшілік көшелерінде жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмысы жүріп жатыр.

ш

Бұған дейін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың оң жағалауы қалай көркейетінін айтқан еді. Оның айтуынша биыл қаланың оң жағалауында 130-ға жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Қазірдің өзінде 50-ге жуық орында тиісті жұмыстар аяқталған.

ш

ш

ш

Бөлісу:
Астананың Сарыарқа ауданында жаңа жағалау ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар