Аймақтар
1 мин оқу 280

Каспий жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында Каспий теңізі жағалауындағы қамыс өрті толығымен сөндірілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сөндірушілер 7 күн бойы отпен арпалысты. Күннің аптап ыстығы, аумақтың сулы, батпақты болуы, сондай-ақ қамыстың тығыз қалың өсуі өрт сөндірушілердің өртті тез арада сөндіруіне кедергі болған.

«Өрт сөндіру автотехникасы жол болмауына байланысты оқиға орнына жете алмай, өртті сөндіру жаяу түрде өрт сөндіргіштер мен арнайы құрылғыны қолдану арқылы және ТЖМ авиациясы көмегімен жүзеге асырылды», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Каспий жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар