Күрес
1 мин оқу 270

Жастар жарап тұр

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Иорданияның бас шаһары Амманда күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатқаны белгілі.</p>

Жастар жарап тұр

Сары құрлық додасының алғашқы күнінде боз кілемде 15 жастағы грек-рим күресінің шеберлері белдесті. Бұл сында Қазақстан құрамасының жас балуандары нәтижелі өнер көрсетіп, 3 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдеге ие болды. Осы нәти­же арқылы отандастарымыз жалпыкомандалық есепте екінші орыннан көрінді.

Атап айтар болсақ, Амман бозкілемінде Диас Маратов (48 кг), Досбол Шәміл (57 кг) және Әбілмансұр Ахалбек (68 кг) Азия чемпион­­дары атанса, Мәрлен Мейірбекұлы (62 кг) мен Аянбек Ибраев (85 кг) күміс жүл­деге ие болды. Сұлтан Мәулітханов (38 кг), Сұң­­қар Зарап (44 кг) және Дамир Ақан (52 кг) қолаға қол жеткізді.

Бөлісу:
Жастар жарап тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар