Қоғам
1 мин оқу 460

Автосақтандыру жеңілдетіледі

<p style="text-align: justify;">Елімізде міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін реттеудің жеңілдетілген рәсімін (Еурохаттама) іске асыруға арналған мобильді қосымша прототипінің тұсаукесері жасалды. Мұны &laquo;Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры&raquo; АҚ &laquo;Бірінші кредиттік бюро&raquo; ЖШС-мен&shy; бірлесіп жүзеге асырды. 2024 жылдан бастап тұтынушылар мобильді қосымшаны пайдалана отырып, сақтандыру төлемін алуға өтініштерді жол-көлік оқиғасы (ЖКО) орнынан жол полициясын шақырмай және сотқа жүгінбей ресімдей алады.</p>

Автосақтандыру жеңілдетіледі

Егер ЖКО-ға екі көлік қана қа­тысса, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілмесе, үшінші тұлғалардың мүлкі зардап шекпесе, Еурохаттама қолда­нылады. ЖКО-ға қатысушыларда қолд­а­ныстағы міндетті автосақ­тан­дыру полисі болуға тиіс. Тараптар кімнің кінәлі, ЖКО салдарынан кімнің зардап шеккені туралы келісімге келуге, залал­ со­масы белгіленген лимит (100 АЕК) шегінде болатынын келі­суге тиіс.

Осы жылғы үшінші тоқ­сан­да сақтандыру нарығына қаты­су­шылар мобильді қосымшаны тест нұсқасында пайдалана бастайды. Төртінші тоқсанда қосымшаны қанатқақты режімде сынақ­тан­ өткізу жоспарланып отыр. Мобиль­­ді қосымша 2024 жылғы 1 қаң­тардан бастап пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Еурохаттама үдерісті едәуір жеңілдетіп, сақтандыру төлем­дерін алу мерзімін қысқартады, сонымен қатар жолдағы кептеліс санын азайтады.

Өз кезегінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылдың басынан бас­тап күшіне енетін міндетті автосақтандыру бойынша тарифтерді есептеудің жаңа тәсілдері бойынша өз жоспарын ұсынбақ. Соның аясын­да­ автокөлік иелері үшін сақ­тан­ды­ру­дың барабар және әділ құны анық­талмақ. Авто­сақ­тандыру құнын есептеу үшін аген­ттік жыл сайын сақтандыру ста­тис­ти­касының Бірыңғай сақ­тан­дыру дерекқорында жиналған дерек­тер негізінде нақты өңір­лер­дегі көлік құралдарын тіркеу шы­ғындылығын ескере отырып, автосақтандыру құнын есептеу үшін түзету коэффициентін бекітеді.

Икемді тарифтер жүйесін енгі­зуге дайындық жұмысы биыл жыл соңына дейін жүргізілмек.

Келер жылдан бастап мі­н­детті авт­о­­­сақ­тандыру бойынша сақ­­тан­­­­­ды­ру сыйлықақысы жаңа тарифтермен есептеледі.

Бөлісу:
Автосақтандыру жеңілдетіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар