Жалғас Жұмағұлов UFC-ден шығарылды
<p style="text-align: justify;">Аралас жекпе-жек шебері, қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC файтерлері тізімінен шығарылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/ufc-isklyuchil-kazahstantsa-jalgasa-jumagulova" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">Sports.kz </a>порталына сілтеме жасап.</p>

Бұл туралы лиганың ростеріндегі өзгерістер туралы жариялайтын UFC Roster Watch Twitter-аккаунтында хабарланды.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 24 маусымда өткен соңғы жекпе-жегінде UFC дебютанты америкалық Джошуа Ваннан жеңіліп қалған.
Бұл «Жаконың» қатарынан төртінші және UFC-де алтыншы жеңілісі болды. Сонымен қатар Жұмағұлов төрешілердің бөлек шешімімен үшінші рет қатарынан жеңілді.