Әлем
1 мин оқу 373

Жапонияда зымыран тасығыш жарылды

<p style="text-align: justify;">Жапондық аэроғарыштық зерттеулер агенттігі (JAXA) әзірлеген жапондық &laquo;Epsilon S&raquo; зымыран тасығышы бүгін сынақ кезінде жарылып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://english.kyodonews.net/news/2023/07/ddbdbcf86427-japanese-space-agencys-epsilon-small-rocket-engine-explodes-in-test.html" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">Kyodo&nbsp;</a>сайтына сілтеме жасап.</p>

Жапонияда зымыран тасығыш жарылды

Зымыран тасығыш іске қосылып, көкке көтеріле бастаған сәтте жарылған.

Мәлім болғандай, аталған сынақты өткізген «Noshiro Testing Center» қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шекпеген.

«Epsilon S» - бұл JAXA әзірлеген ғарыш-спутниктік «Epsilon» зымыранының жетілдірілген нұсқасы.

Осы типтегі алғашқы ракета 2013 жылы ұшырылған еді. Былтыр көкке көтерілген «Epsilon-6» жоспарланған траекториядан ауытқып, кейін ол жасанды жарылыс арқылы жойылған.

Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігі «Epsilon S» зымыранын ұшыруды келер жылға шегерді. Өйткені онда да Epsilon-6 сияқты жанармай багы қолданылады.

Негізінен «Epsilon» сериялы зымырандары қатты отынды пайдаланады. Сондықтан оның сұйық отынмен жұмыс істейтін ракеталарға қарағанда ұшуға дайындалу процесі күрделі емес.

Бөлісу:
Жапонияда зымыран тасығыш жарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар